Қарағандыда Костенко шахтасынан түтін шығып, 194 кенші эвакуацияланды

Конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді жойды.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Оқиға туралы хабар түскен сәтте шахтаның диспетчерлік бөлмесіндегі құлақтандыру жүйесі де іске қосылды.

Сағат 19:45-те датчик сигнал беріп, түтіннің жойылуына қарамастан, шахталар мен басқа да горизонттағы 194 кеншіні эвакуациялау және шығару туралы шешім қабылданды.

Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шығарылды. Оның ішінде учаскі басшылары мен бақылаушылар арасынан 7 жұмысшы оқиғаны бақылау және шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнында қалды.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек