21 апреля 2025 г. 19:16

Қарағандыда қалалық Полиция департаментінің лауазымды қызметкері қайтыс болды

Фото: Полиция

53 жасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Құсаинов Бекжан Төлеуұлы кенеттен өмірден өтті.

Алматы, NEGE. Жергілікті пабликтердің хабарлауынша, Бекжан Құсаинов Қарағанды – Аягөз трассасында болған жол-көлік апатында қаза тапқан. Жоғары лауазымды полицейдің көлік тізгініне ие бола алмай, апатқа ұшырағаны айтылған. 

Бекжан Төлеуұлы 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнады. Ол қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық Ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастады.

Қызмет баспалдағының барлық сатысынан өткен Бекжан Төлеуұлы әр жылдары жауапты лауазымдарда қызмет етіп, кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек етті.