Қарағандыда ауруханада науқастарға құрттап кеткен тамақ берген

Желіде Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында науқастарға құрттап кеткен тамақ берілгені туралы ақпарат тарады.

instagram.com/skandal_krg

Астана, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, ауруханада ас әзірлейтін бөлім жоқ, сондықтан науқастарға тағамдарды жеке компания жеткізіп тұрады.

«10 ақпанда тағамнан жәндік табылды. Сол сәттен кейін дереу шаралар қабылданды: оқиға тексерілді, оған жеткізушінің өкілі қатысты, тәуліктік тамақ партиясы толық ауыстырылды, ақау актісі толтырылды», – делінген хабарламада.

Жеткізушіге шағым хат жолданған. Сонымен қатар мемлекеттік орган бұл жағдайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлаған. Қазіргі уақытта компанияға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін