Қарағандыда 15 жастағы қызға үйленген мұғалім 17 жылға сотталды

15 жастағы қыздың анасы мен өгей әкесі отбасылық таныстарына қызды тұрмысқа берген.

ЖИ

Алматы, NEGE. Наурыз айында ер адам қыз баланы жалдамалы пәтерге әкеліп, бірнеше рет зорлаған. Қыз пәтерден қашып шығып, туған әкесінен көмек сұраған.

Кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыс жасады деп айыпталған 37 жастағы ер адам сот алдында жауап берді.

Сот оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ оған мұғалім болып жұмыс істеуге немесе кәмелетке толмағандар қатысаты лауазымдарды атқаруға біржола тыйым салынды.

Сот прокуратураға жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекеттерін ықтимал заң бұзушылықтар бойынша тексеруді талап етіп, хат жолдады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?