Қарағандыда 12 жастағы қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Қарағандыда әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының өліміне қатысты күдікке ілінген ер адамның мәйіті табылды.

Полиция

Алматы, NEGE. Полиция департаментінің мәліметінше, 39 жастағы ер адамның денесі Ақтоғай ауданынан анықталған. Алдын ала деректерге сүйенсек, ол өз атына тіркелген қарумен өзін-өзі атқан.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіттері табылған болатын. Құқық қорғау органдары олардың денелерінен зорлық-зомбылық белгілерін анықтаған.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл іске қатысы бар деген негізгі күдікті анықталған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол марқұм әйелдің танысы болған. Көршілердің айтуынша, аталған ер адам әйелмен бірге тұрған.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады