Қарағанды түрмесінде 11 адам қалай ВИЧ жұқтырған?

Қарағанды облысының Долинка ауылындағы АК 159/20 түрмесінде 11 адамның қалай ВИЧ жұқтырғаны белгілі болды. Қарағандының эпидемиологиялық орталығы мамандары тексеру жүргізіп, дерт жұқтырғандардың нашақор болғанын анықтапты.

Алматы, NEGE. ВИЧ жұқтырғандардың барлығы Шахтинскі қаласында қоғамдық жұмыс істеген. Болжам бойынша, сотталушылардың бірі өзінің ВИЧ жұқтырғанын жанындағыларға айтпаған. Есірткі пайдалану кезінде ине арқылы басқаларына жұғуы мүмкін. Ал енді есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емделуге тиіс сотталғандарға есірткі қандай жолмен жеткені анықталып жатыр.    

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды