Қарағанды шахтасында қаза тапқан 46 кеншінің барлығының денесі табылды

Қарағанды ​​облысында қаза тапқан 46 кеншінің барлығының денесі табылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы соңғы кеншінің туыстары хабарлаған. 

«Қаза тапқан 46-шы кеншінің денесі табылды. Бұл жаңалықты марқұм кеншінің туыстары хабарлады. Әзірге Төтенше жағдайлар министрлігінен ресми растау жоқ», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Костенко шахтасында метан газы жарылған болатын.