1 августа 2023 г. 16:21
Қарағанды облысындағы уланған балалардың жағдайы өте ауыр
Бұл туралы облыстық клиникалық балалар ауруханасы инфекциялық орталығының жетекшісі Ержан Жүнісов мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Қазір 6 бала ауыр халде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратында. Барлық қажетті реанимациялық көмек көрсетіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният және ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Д.Зәкиева осы жағдайға байланысты Қарағандыға барды.
Омбудсменнің айтуынша, жаппай уланғандардың ішінде жетім балалар бар. Еске салайық, 30 шілдеде орталықта екі бала өзін нашар сезінген: құсу және нәжістері босаңсыған.
Осы мекеменің тағы 10 баласы келесі күні осындай белгілермен ауруханаға жатқызылған. Балалардың біреуін аман алып қалу мүмкін болмады.