Қарағанды облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау беріледі

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылған.

Алматы, NEGE. Бұқар Жырау ауданындағы Новостройка ауылы Атамекен атауын алптын болады.

Осакаров ауданындағы бірқатар ауыл:

Звездный ауылдық округі – Жұлдыз;

Тельман ауылдық округі – Нияз; Комсомольское ауылы – Қайыңды;

Сенакосное ауылы – Қаратомар;

Тельманское ауылы – Қаракөл;

Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылы болып өзгертіледі.

Құжат 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.