Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті
1 ақпанда Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті.
Алматы, NEGE. "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінде жүк пойызына бидай тиелгенін мәлімдеді.
"Пойыз құрамына бидай тиелген. Рельстен шығу себебі – вагонның бүйір рамасының омырылуы. Оқиға орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Қазір аймақта бір жақты пойыз қозғалысы қалпына келтірілген. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.