Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

"Жезқазған-Сәтбаев" трассасында жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты.

Алматы, NEGE. 22 наурыз күні сағат 00.30-да «Жезқазған-Сәтбаев» автожолында «ВАЗ» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолды бөліп тұрған қоршаудың кронштейніне соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті