Қарағанды облысында тасжол жабылды

Қарағанды ​​облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Қарағанды ​​облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Екатеринбург - Алматы тасжолының 1505-1610 шақырымындағы Жұмабек ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

"Қазгидромет" мәліметінше, бүгін, 19 сәуірде Қарағанды ​​облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында батыс, солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.