Қарағанды ​​облысында сібір жарасын жұқтырған ер адам ауруханада қайтыс болды

Қарағанды облысындағы Топар ауылының сібір жарасын жұқтырған біртұрғыны жұқпалы аурулар орталығында көз жұмды.

Алматы, NEGE. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің қабылдаған шараларына қарамастан, сібір жарасын жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан 75 жастағы науқас қайтыс болғанын мәлімдеді.

«Пациенттің өліміне сібір жарасы ауруының ауыр сатысы және қатар жүретін ауыр дерттердің болуы себеп болды. Сонымен қатар, науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуі де өз әсерін тигізді», – деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сібір жарасын жұқтырған қалған екі пациенттің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің үнемі бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады