Қарағанды ​​облысында қасқыр адамдарға шабуыл жасады

Қарқаралыда таңнан бері жабайы қасқыр үш адамға шауып, жарақаттады. Жыртқыш жануар тұрғын үйлердің аулаларына кіріп кеткен.

Алматы, NEGE. «Вечерняя Караганда» Telegram-арнасының хабарлауынша, сағат 6:00 шамасында Қарқаралы қаласының шетінде қасқыр жұмысқа бара жатқан екі әйелге шабуыл жасаған.

Қасқырды Қарқаралы көшелерінде жергілікті тұрғындар суретке түсірген. Олардың айтуынша, қаланың шетіндегі көшелерге жабайы жануар орманнан келген. 

«Зардап шеккен 3 адам аудандық ауруханаға жүгінді. Барлығы амбулаториялық емделуге жіберілді, жараларды емдеп, өңдеген соң, екпе салынды», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді