Қарағанды облысында қаңғыбас иттер малдар мен тауықтарға шабуыл жасаған

Қарағанды облысының Нұра ауданында тұрғындар бір үйір қаңғыбас иттердің малға шабуыл жасап, қой-ешкіні қырып, тауықтар мен қаздарды өлтіріп жатқанына шағымдануда. Бұл туралы  "Вечерняя Караганда" телеграм-арнасы хабарлады.

Алматы, NEGE. Нұра ауылының тұрғындары көбейіп кеткен қаңғыбас иттерге жаппай шағымдануда. Әкімшілік болса атуға тыйым салатын жануарларға адамгершілікпен қарау туралы заңды алға тартып отыр. Ауылда тұрғындардың жеке шаруа қожалығында қаңғыбас иттер сегіз қойға шабуыл жасаған. Полиция тергеуді бастады.

"Белгісіз тұлғаға қатысты ҚР ҚК 407-2 бабы 1 бөлігі 4 тармағы бойынша иттер қаңғыбас болғандықтан әкімшілік хаттама толтырылды. Жергілікті атқарушы органдарға қаңғыбас иттерге шара қолдану туралы хат жолданды", - деп хабарлады Нұра ауданының әкімдігі.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды