Қарағанды облысында ауыр қылмыс жасаған адам медицина мекемесінен қашып кетті

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлады Полиция.

Алматы, NEGE. Ол 35 жастағы БҚО тумасы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілді.

Белгілері: толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған.