Қарағанды облысында 5 жасар бала тоққа түсіп қалды

Ақсу-Аюлыдағы орталық саябақтағы балалар алаңында жүрген 5 жастағы бүлдіршін тоққа түсіп қалды. Баланың сол қолы күйіп қалған.

Алматы, NEGE.  Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Қазір үйінде ата-анасының қарауында. Ал облыстық полиция бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Айта кетейік, Ақсу-Аюлы Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты кент.