Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл міндетті Әлішер Әбдіқадыров атқаратын болады. Ол өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері бойынша өңірде жетекшілік ететін болады», – делінген хабарламада.

Әбдіқадыров жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы болды.

Ал 2015 жылдан 2016 жылдың шілдесіне дейін Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады