17 ноября 2022 г. 11:17
Қарағанды маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті
Қарағанды облысындағы Қарабас учаскесінде 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметІ.
Алматы, NEGE. 17 қарашада сағат 6:15-те Қарағанды облысының Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр учаскесінің Қарабас - ОП 767 учаскесінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұл учаскеде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша, рельстен шығу жеке меншікке тиесілі вагондардың дұрыс жұмыс істемеуінен болған.
ҚТЖ-да болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Оқиға орнына Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған.