Қарағанды маңына әскери истребитель құлады
Қарағанды қаласының маңына әскери истребитель құлап, екі ұшқыш санитарлық авиация көмегімен ауруханаға жеткізілді.
Алматы, NEGE. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиға туралы былай деп хабарлады: «Ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан екі солдат жарақаттанды. Олар санавиацияның көмегімен Х.Ж.Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісінің қалы орташа ауыр жағдайда. Екеуі де қажетті емін алып жатыр».
Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Әсет Аққозиновтың айтуынша, жарақат алған солдаттар емес, әскери ұшқыштар. Ұшақтың не себепті апатқа ұшырағанын арнайы комиссия тексеріп жатыр.