Қарағанды сотында Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр

Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2023 жылғы 28 қазанда жерасты тазарту қазбаларында болған қайғылы оқиға нәтижесінде 46 кенші қаза тауып, тағы 28 кенші жарақат алған болатын. Сот отырысына мемлекеттік айыптаушылар, жәбірленушілер, олардың өкілдері, сотталушылар мен қорғаушылар қатысты.

Еске сала кетейік, қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп, нәтижесінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам сотқа тартылған болатын. Барлығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу).

Сотталушылар қамауда. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№61 мекеме» РММ ғимаратында қаралады.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес