Қарағанды облысында 50 жолаушы мінген автобус жол жиегіне шығып кеткен

Бұл жөнінде Қарағанды облыстық полиция департаменті хабарлады.

Видеодан скриншот/instagram.com/shk_kz

Астана, NEGE. Жол-көлік оқиғасы бүгін, 12 қаңтар күні Шахтинск қаласының маңында болған.

«12 қаңтарда Шахтинск қаласынынан шығып келе жатқан маршруттық автобус жүргізушісі боран мен көктайғақ жағдайында көлікті басқара алмай, қоғамдық көлік жолдан шығып кеткен.

Автобус салонында шамамен 50 жолаушы болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген полиция хабарламасында.

Қарағанды облыстық полиция департаменті өңірдегі қолайсыз ауа райы жағдайында жүргізушілерге жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтауға және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты