Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Қарағанды облысы "Қызылорда-Павлодар" автожолының 931 шақырымында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

©inbusiness.kz

 Алматы, NEGE. 8 маусым сағат 22.23 шамасында "Қызылорда-Павлодар" автожолының 931 шақырымында "Ауди", "Шевроле Кобальт" және "Тойота Превиа" үш автокөлігі соқтығысқан.

"Жол апатынан 4 жолаушы мен 22 жастағы "Шевроле Кобальт" автокөлігінің жүргізушісі қайтыс болды. "Ауди" автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі, оның 17 жастағы жолаушысы және "Тойота Превиа" автокөлігінің 39 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді ведомство.

Қылмыстық іс қозғалып, сараптама жасалып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Елімізде мал басын көбейтуге 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру басталды

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары шетелге көбірек көшіп жатыр?

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды