Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топты ұсталды

Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысын жалғастыруда.

Polisia.kz

 Алматы, NEGE. Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның көмегімен бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін айып тағылған қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетін жойды.

Оларға қатысты бопсалау, тонау, алаяқтық және қаруды заңсыз сақтаудың 18 эпизоды бойынша тергеу жүргізілуде. Аталған қылмыстық істер бойынша жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал 26 млн теңгеден асады. Тінту шаралары барысында күдіктілерден бірнеше атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген оқ-дәрілер тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету министрліктің ерекше бақылауында, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандықтарды «Тазару күніне» белсенді қатысуға үндеді

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды