Қарағанды облысында үш жасар бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды

Балқашта бесінші қабаттан құлаған үш жасар бала көз жұмды, – деп жазады aikyn.kz.

aikyn.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 31 тамызда болған. Бала ата-анасының қарауынсыз қалды.

"Бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда әйел көпқабатты үйден құлап, көз жұмғанын жаздық. Қайғылы оқиға Ақтау қаласының №33 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Полиция өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады