25 февраля 2026 г. 14:10

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Фото: gov.kz

Апатты жағдай бүгін, 25 ақпан күні жоспарлы оқу-жаттығу кезінде болған.

Астана, NEGE. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасаған.

«Ұшқыштар аман-есен, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінде арнайы комиссия құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірген.

Министрлік тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріліп, процестік шешім қабылданатынын мәлімдеді.