Қарағандыда өзгелерге банк шоттарын сатқан студенттер жазаға тартылды

Қарағанды облысында ақшалай сыйақы алу үшін өз банктік шоттарын үшінші тұлғаларға берген студенттер жауапкершілікке тартылды.

Pixabay

Алматы, ,NEGE. Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы дропперлікпен айналысқан екі тұлғаға қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады.

Сот отырысында сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетіндерін білдірді. Олардың кінәсі ұсынылған материалдардың жиынтығымен толық дәлелденді.

Істерді қарау қорытындысы бойынша сотталушылар кінәлі деп танылып, сот айыптау үкімін шығарып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін 232-1-бап енгізілді.

Дропперлік – азаматтардың үшінші тұлғаларға өздерінің банктік шотына, төлем картасына немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қолжетімділік беру, сондай-ақ оларды ақшалай сыйақы немесе өзге де мүліктік пайда үшін қолдануға беру.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр