2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Қарағанды облысында көлікпен мал іздеуге шыққан 3 ер адам мұз астына түсіп кетті

Ақтоғай ауданында Балқаш көлінде Гүлшат пен Тасарал ауылдарының арасында қайғылы оқиға болды.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Үш ер адам отырған көлік мұз астына түсіп кетті. Олардың екеуі өз бетінше шыққан, үшіншісінің денесін құтқарушы сүңгуірлер тапты.

– Екі адам өздігінен шығып, аман қалды. Үшінші азаматтың денесін құтқарушылар іздеді. Бүгін таңертең су астынан 1988 жылы туған ер адамның денесі шығарылды, – деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар қыста мұз үстіне шығу өте қауіпті екенін ескертті.