Қарағанды облысында қатты желден автобус аударылып қалды (видео)

Полиция қызметкерлері жолаушыларға көмек көрсетті. 

видеодан

Алматы, NEGE. 21 қаңтар күні сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау – Ақтау – Теміртау автожолында, Петровка ауылының маңында Ботақара – Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 маршруттық автобус аударылып қалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болған. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы отырды. Зардап шеккендер жоқ. 

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. 

Олардың өтіп бара жатқан көліктермен үйлеріне жетуіне атсалысты.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды