Қарағанды облысында екі мотоцикл бір-біріне соғылып, жүргізушілері қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы 16 сәуір күні Шет ауданы Ағадыр ауылында болған.
Астана, NEGE. Облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, апат салдарынан 17 және 37 жастағы екі мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, тағы бір адам ауруханаға жеткізілген.
«Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция департаменті.
Полицейлер көлік жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға, өзінің және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.