14 сентября 2025 г. 17:38

Қарағанды облысында екі әйел орманда адасып кетті

Фото: ТЖМ

2025 жылғы 13 қыркүйекте Қарқаралы ауданына қарасты Комиссаровка ауылының маңында орманда адасқан екі әйел табылды, деп хабарлады ТЖМ.

Алматы, NEGE. 1988 және 1966 жылы туған екі әйел №1 поляна демалыс аймағынан саңырауқұлақ теруге шығып, адасып кеткен.

Олардың қолында ұялы телефон болды, бұл құтқарушылардың жұмысын едәуір жеңілдетті.

"Байланыс бүкіл операция барысында сақталып, орнын нақты анықтауға және құтқару тобын жедел жіберуге мүмкіндік берді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Әйелдер аман-есен эвакуацияланды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.