Қарағанды облысында автожолды су басты

Қарағанды облысында автожолды су басты, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

ҚазАвтоЖол

Алматы, NEGE. «25 наурызда сағат 17:50 шамасында күннің тез жылынуы мен қардың еруі салдарынан Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Бұғаз автожолының 23 800 шақырымында су тасқыны болды (жақын елді мекендер: Көкпекті ауылы, Бұхар Жырау ауданы, Қарағанды облысы). Жол ІІІ санатқа жатады, су тасқынының ұзындығы - 30 метр, биіктігі - 5 см. Аталған учаскеде диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орналасқан», - делінген хабарламада.  

«ҚАЖсервис» ЖШС ҚӨФ ДЭУ-46 мамандары уақытша жол белгілері мен сигналдық тіректерді орнату бойынша жұмыстарды атқарды. Аталмыш шараға 2 техника мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды.

Жолдарды су басу қаупі бар жоғары аумақтарда тәулік бойы бақылау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жолды шайып кету қаупі мен қозғалыс шектеулері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті