Қарағанды облысында автобус пен көлік соқтығысып, 5 адам қаза тапты

14 шілде күндізгі сағат 12.00 шамасында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде «Алматы-Екатеринбург» тасжолында Қарағанды қаласына бара жатқан автобус пен «Тойота Естима» көлігі соқтығысқан, деп хабарлады kazinform.kz.

видеодан кадр

Алматы, NEGE. Салдарынан «Тойота Естима» автокөлігінің 4 жолаушысы және автобустың бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

Фото: видеодан кадр

11 адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды