Қарағанды облысында ауыл тұрғынынан қару мен оқ-дәрілер тәркіленді

Қарағанды облысында ауыл тұрғынынан қару мен оқ-дәрілер тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты ауылдардың бірінде криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген “Құқықтық тәртіп” іс-шарасының нәтижесінде 54 жастағы ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған, тіркелмеген қарулар мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Тінту барысында екі қару, газ револьвері, 580 дана әртүрлі калибрлі оқ-дәрі, жеті жарылғыш пакеті тәркіленді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен үш қағаз қорапқа оралған қою жасыл түсті зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді