Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Қарағанды облысы Абай қаласында 13 жастағы Рыс Бибарыс із-түссіз жоғалып кетті.

polisia.kz

Астана, NEGE. ІІМ мәліметінше, ол 1 сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Жеке мәліметтері: Жасы – 13-те. Бойы шамамен 150–155 см, дене бітімі орташа. 7-сынып оқушысы.

 

Қара күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар және жасыл аяқ киім киген», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса,  «102» арнасына хабарлауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады