Қарағанды-Астана бағытында 1500-ге жуық көлік жолда қалды

Бір шақырымға созылған көлік тізбегі кешке қарай Астанаға қарай бағыт алды.

видеодан скрин

Алматы, NEGE. Қарағанды облысының патрульдік полицейлері қарлы боранда жолда қалған машиналарды 10 колоннаға бөліп, алып жүрді. Бастысы, жолда қалған жолаушылар зардап шекпеді.

«Қазіргі уақытқа дейін патрульдік полиция қызметкерлерімен Ақмола облысының аумағына дейін 1500 автокөлік ілесіп алу жұмыстарымен діттеген жерлеріне жеткізілді. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қазір бұрқасын. Жолдың көрінуі – 20-25 метр. Сондықтан көлік жүргізушілерден ауа райының күрт өзгеруіне байланысты алыс жолға шықпауларын сұраймыз», – дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған