ҚАРАБАСТАУ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс аймағы сапалы электрмен қамтылды. Бұл жөнінде Еңбекші ауданы әкімдігі мәлімдеді.

Шымкент, NEGE. Елді мекенде электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы қараша айында басталған болатын.

Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-і тұрғын алапта қуаттылығы 900-ге жуық абонентке арналған 19 шақырым электр желісін жүргізді.

Нысан жуырда пайдалануға берілді. Бүгінде «Оңтүстік Жарық Транзит» тарапынан есеп-шот ашу жұмысын аяқтап, тұрғындар сапалы электр жарығына қол жеткізіп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды