Қара топырақ сатпақ болғандар ұсталды

Наурызбай ауданының аумағында қара топырақты қазып, жүк көлігіне тиеп алып кетпек болған азаматтар ұсталды.

Алматы, NEGE. «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Наурызбай ауданының экологиялық полициясының қызметкерлері ауданның экологтарымен бірлесіп, жүргізушілердің арнайы техниканы қолданып қара топырақты заңсыз жүктеу фактілерін анықтады. Жүк көлігінің жүргізушілері Наурызбай ауданының аумағында құнарлы қара топырақты ұрлап, сатпақ болған. Бұл азаматтар ҚР ӘҚбК-нің 386 және 505-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полициядан.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты