Қар мен жаңбыр: Алдағы күндердің ауа райы болжамы жарияланды

'Қазгидромет' 23-25 наурыз күндеріне ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамына сәйке алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн шығып, ауа температурасы көтеріледі. 

Ал еліміздің солтүстігі және солтүстік-батысында, 23 наурызда оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда күн райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында жел соғады.