Қар құрсауында қалған 120 адам құтқарылды
Қостанай облысында 120-дан аса адам қар құрсауынан құтқарылды, – деп хабарлайды 'Хабар 24' телеарнасы.
Алматы, NEGE. Арна мәліметінше, қар басқан жолдардан 122 адам, оның ішінде 7 бала құтқарылған. Олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес екені айтылды. Бір тәулік ішінде құтқарушылар жолдың тазартылған учаскелеріне 9 көлікті сүйреп апарған.
Департамент өңір тұрғындарына қолайсыз ауа райында елдімекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береді.