Қар көшуі мүкін
Синоптиктер Алматыдағы екі өзен орналасқан шатқалда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.
Алматы, NEGE. «Жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Кіші және Үлкен Алматы өзендері су алабында 20-22 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады», делінген хабарламада.
Мамандар көшкін жүру қаупіне байланысты тұрғындарға қарлы беткейге шықпауды сұрап, тауда абай болуға шақырды.