Қар көшкіні Өскемен-Алтай автожолын жауып қалды

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды.

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 қарашада қалың жауын-шашын мен қатты жел салдарынан «Өскемен-Алтай» автокөлік жолының 65-километрында алдын ала жабылған трассада қар көшкіні болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 2 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 26-28 қараша күндері аймақтың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бары ескертілді.