Қапшағай су қоймасында 32 адам құтқарылды

28 шілде Қапшағай су қоймасында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 32 адам құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ТЖМ/ видеодан скрин

АЛМАТЫ, NEGE. Бүгін Қонаев қаласында қатты жел (15–20 м/с) соғып, су бетінде толқындар көтерілген. Демалушылардың біразын байдарка мен кайтбордтарда 1,5 шақырымға дейін ашық суға алып кеткен. Өз күштерімен жағаға қайта алмаған азаматтарға патрульдік қызметтегі құтқарушылар шұғыл көмек көрсетіп, арнайы қайықтармен жағаға жеткізді.

Құтқарылғандар қатарында 3 бала бар. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді