Қапшағай су қоймасынан 3 мың тоннадан астам ау шығарылды
Қапшағай су қоймасы балық аулауға тыйым салынған аулардан тазартылды.
Алматы, NEGE. Алматы облыстық балық инспекциясы мен өңірлік табиғат қорғау прокуратурасы ұйымдастырған «Таза су айдындары» акциясына 30 моторлы қайық және 100-ге жуық волонтер жұмылдырылды. Олар бұл жолы жасанды көлдің балық аулауға тыйым салынған бөлігінің өзінен жалпы салмағы 3 тоннадан астам ау шығарды. Өткен жылы Қапшағай су қоймасынан ұзындығы 3 мың шақырымдай браконьерлік құрал жиналған болатын.
Ринат Қумашев, облыстық балық инспекциясы басшысының орынбасары:
- Балық аулауға тыйым салынған аулар бізде заңмен тек қана қолдануға емес, оны сатуға да, ел аумағына кіргізуге де тыйым салынған. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, аталған балық аулау құралдары қолданылып жатыр. Бірақ инспекция барынша осымен күресті жалғастыруда.