Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. «Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын деген болатын. Кейін Қапшағай қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, қалаға Дінмұхамед Қонаев есімін беру ұсынысы бірауыздан мақұлданды.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

Ұлттық қордан бөлінген қаржыны тексергеннен кейін бірнеше қылмыстық іс тіркелді