Канвон-2024: Хоккейден Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

gov.kz

Алматы, NEGE.  Хоккейден (3×3) ұлттық құрама ойыншылары жарыстың қола жүлдесі үшін өткен матчта Аустрия хоккейшілерімен шеберлік байқасып, 6:5 (4:1, 1:2, 1:2) есебімен басым түсті.

Осылайша, жерлестеріміз Канвон Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Қазақстан мен Аустрия құрамалары бірнеше күн бұрын топтық кезеңде ойнап, аса тартысты кездесу 8:9 есебімен Еуропадан келген команданың пайдасына аяқталған еді.

Канвондағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына келген Ұлттық құрама: Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Жахангир Тілеухан, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Әнуар Ахметжанов.

Бұл – Қазақстан делегациясының қоржынына түскен үшінші медаль. Осыған дейін Канвонда шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных алтыннан алқа тақса, шорт-трекші Полина Омельчук 1000 метрге жарыста үздік үштікті түйіндеді. Қазір Қазақстан жалпы есепте 1 алтын, 2 қола медальмен 14-сатыға көтерілді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін