Канвон-2024: Оныншы жарыс күнінің қорытындысы қандай?

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында оныншы жарыс күні артта қалды, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Бүгін жарыс жолына шыққан спортшыларымыз жүлдеге қол жеткізе алмады.

Кёрлингтен аралас жұптық сында өнер көрсеткен Мерей мен Ибрагим Тастеміровтер Швейцарияға 1:9 есебімен жол берді.

Шаңғымен жарысудан спринтерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық спортшылар ширек финалмен шектелді. Берік Боранбаев қана іріктеуден сүрінбей өтсе, қалған спортшылар келесі кезеңнен сырт қалды.

Айта кетелік, қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан командасы 1 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды. Төртжылдық додасы 2 ақпан күні мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды