Қаңтар оқиғасы: Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаменттерінің басшылары күдікті деп танылды

Арнайы прокурорлар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеуді жалғастыруда. 5 қаңтарда Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттерінің, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаменттерінің басшылары өз ғимараттарын, соның ішінде қызметтік атыс қарулармен бірге тастағаны белгілі.

Алматы, NEGE. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді.