Қаңтар оқиғасы: ресми мәліметте азаптаудан 6 адам қаза болған
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжіліс кулуарында журналистерге қаңтар оқиғасы бойынша кейінгі жаңалықтарды айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. "Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасында – 232 адам қаза тапты. Одан кейінгі азаптаулардан 6 адам қаза тапты", - деді Шындалиев.
"Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан қаза тапқандардың аты-жөні тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жарияланады", - деді Әсет Шындалев.
"Шынымен 232 адамның тізімі белгілі ме?" деп сұрады журналистер.
"Енді тергеу жүргізіп жатсақ, біз білетін шығармыз",- деп жауап берді ол.