Қаңтар оқиғасы кезінде «басын кесіп тастады» деген ақпарат расталмады
Қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін асқан жауыздықпен бірінің «басын кесіп тастады» деген нұсқадағы хабарламалар тараған болатын.
Алматы, NEGE. Осы ақпаратқа қатысты Бас прокурор Берік Асылов түсінік берді.
«Қаңтар оқиғасы басталған кезде, 4-5 қаңтар аралығында әртүрлі ақпараттар, соның ішінде жалған мәліметтер тарады. Елестетіп көріңізші, сегіз қалада нысандар өртеніп жатыр, әкімдіктер өртеніп жатыр, әртүрлі ақпарат көздерінен түрлі хабарламалар, соның ішінде қате ақпараттар келіп түсті. Сол себепті «бас кесу» туралы тараған ақпаратты тексердік. Бірақ ондай адамды таппадық. Тергеу барысында толығымен тексерілді, бірақ олар мұндай фактіні анықтаған жоқ», - деді Асылов.